Басты бет

Колледж миссиясы

Жұмысшы мамандықтарды дайындауда білім беру саласындағы заманауи жетістіктер мен құндылықтарды кеңінен игеру.

Колледж стратегиясы

Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комммуникация жүйелеріне шығару.

Колледж жаңалықтары

Сессия басталуына!

  • 00Күн
  • 00Сағат
  • 00Минут
  • 00Секунд

Оқу ғимаратында

0
Студенттер саны
0
Мұғалімдер саны

Мамандықтар

Сабақ кестесі

2019/2020 оқу жылының І жарты жылдығына арналған сабақ кестесі

1 КУРС

2 – курс

3-4 курс

Қабылдау туралы

Қабылдау ережесі:

1. Негiзгi ұғымдар

Осы «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызмет регламентiнде (бұдан әрi – регламент) келесi ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке басын куәландыратын құжат – әр түрлi құқықтық қатынастарға түскен кезде азаматтың жеке басын растайтын, тиiстi уәкiлеттi орган беретiн белгiленген үлгiдегi құжат;
2) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да тұлғалар.
2. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрі – Cтандарт) сәйкес көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік білімнің білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26-бабымен және «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) реттеледі.
5. Мемлекеттiк қызметтi аяқтау нәтижесі оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрық немесе қызмет көрсетуден бас тартатындығы туралы дәлелді жауап.
6. Мемлекеттік қызмет негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ТжКБ ұйымдарының интернет-ресурстарында және фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz), әкімдіктердің, Маңғыстау облысы білім басқармасының ресми сайттарында орналастырылады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттің 14-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдау кезеңінде – 60 минуттан аспайды;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін жүгінген сәттен – өтініш түскен күнінен бастап Үлгі қағидаларда белгіленген білім алушы қатарына қабылдау кезеңіне күндізгі оқу нысанына 30 тамызға, сырттай оқу нысанына 30 қыркүйекке дейін;
3) құжаттар тіркелген күннен бастап бір аптадан аспайтын мерзімде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерге түсу емтихандарына жіберілгендіктері туралы хабарлайды.
9. Мемлекеттік қызмет:
1) оқудың күндізгі нысанына – 20 маусымнан бастап 20 тамыз аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – 20 маусымнан бастап 20 қыркүйек аралығында;
3) өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусымнан бастап 20 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Түсу емтихандары күндізгі оқу бөліміне 1 тамыздан бастап 28 тамыз аралығында, кешкі және сырттай оқу бөліміне 1 тамыздан бастап 25 қыркүйек аралығында, өнер және мәдениет мамандықтарына немесе шығармашылық емтиханы 21 шілдеден бастап 28 шілде аралығында өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау күндізгі оқу бөліміне – 25 тамыздан бастап 30 тамыз аралығында, кешкі және сырттай оқу нысанына 15 қыркүйектен бастап 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі;
2) белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі;
3) қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет алушының осы регламенттің 14-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттардың толық емес пакетін ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады, бас тарту себептері жазбаша негізделеді.
11. Мемлекеттік қызметті алуға мемлекеттік қызмет алушыдан өтініштің келіп түскен сәтінен бастап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
1) қызмет алушы ТжКБ ұйымына өтініш береді;
2) ТжКБ ұйымының кеңсесі түскен құжаттарды тіркейді және оларды ТжКБ ұйымының басшылығына жолдайды, қызмет алушыға барлық құжаттарды алғаны туралы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес қолхат бередi, онда:
– өтінішті қабылдап алған күні және нөмірі;
– қабылдау комиссиясы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты болады;
3) ТжКБ ұйымының басшылығы түскен құжаттармен танысуды жүзеге асырады және ТжКБ ұйымының жауапты орындаушысына орындауға жібереді;
4) ТжКБ ұйымының жауапты орындаушысы түскен құжаттарды қарайды, басшы қол қою үшін қызмет алушыға хабарлама жобасын дайындайды және оны ТжКБ ұйымының кеңсесіне жолдайды.
5) ТжКБ ұйымының кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға береді.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжат қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны, ол қандай да болмасын елді мекенде тұратын әлеуетті қызмет алушылар санына, сондай-ақ ТжКБ ұйымдарының апта күндері мен тәуліктік жұмыс кестесіне байланысты сараланып анықталатын бір қызметкерді құрайды.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде iс-әрекет (өзара әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) білімі туралы құжаттар (түпнұсқа);
3) білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы өтініш;
4) № 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін – медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы) флюрография суретімен қоса беріледі;
5) 3х4 көлемдегі 4 фотосурет.
Мемлекеттік қызмет алушы жеке басын куәландыратын құжаттарды заңды өкілдері жеке өздері ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралманның куәлігі.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылғы түлектер) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және Үлгі қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа жіберіледі.
14. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі оқу орнының фойесінде орналастырылады, сондай-ақ оқу орнының қабылдау комиссиясы мамандарынан алуға болады.
15. Өтініш, сондай-ақ барлық қажетті құжаттар білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына тапсырылады.
16. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік қызмет алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісіне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) тартылады:
1) ТжКБ ұйымдарының кеңсесi;
2) ТжКБ ұйымдарының басшылығы;
3) ТжКБ ұйымдарының жауапты орындаушысы.
18. Әр әкiмшiлiк әрекеттi (рәсiмдi) орындау мерзiмiн көрсетумен әр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттiң (рәсiмнiң) өзара әрекетi мен кезектiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
19. Функционалдық өзара әрекет сызбасы осы регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
20. ТжКБ ұйымдарының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлғалар) мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.
Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызмет көрсетудi іске асыруға жауапкершілікте болады.