1201000 «АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ»

Мамандығы:

1201000 Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Біліктілігі: 1201072 Автокөлікті жөндеу слесары

Жұмысшы мамандығы: «Э

Оқыту түрі: күндізгі

Оқыту тілі: қазақ тілі

Оқу мерзімі:

9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай;

Автомобиль жөндеушінің қызметіне автокөліктерді жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету, автомобильдердің техникалық жағдайын қазіргі диагностикалық құрал-жабдықтар арқылы қадағалау, сонымен қатар автокөліктерді басқару жұмыстары кіреді. Автомобиль жөндеуші автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, автомобильдің техникалық жағдайын бақылау жұмыстарын жүргізеді. Жеңіл және жүк көліктерін жөндейді. Еңбек құралы ретінде өздігінен жүретін көліктердің механизмдерін, узелдері мен агрегаттарын қолданады. Бұл кәсіптің иесі көліктердің іске жарамсыз кешшіліктерін  тауып жөндей алады.

Колледжде автомобиль жөндеушілерді дайындау кәсіби деңгейде жүргізіледі. Бөлім қорында бірнеше шеберханалар бар. Оқушылар көліктерді жөндеу және диагностикалық  жұмыстарды атқарумен ғана шектеліп қалмай, сонымен қатар басқа да компьютерлік жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алады.

Жұмыс орындары

Автомобиль жөндеуші кәсібін таңдаған оқушылар ТҚКО –да( техникалық қызмет көрсету орталықтарында ), зауыттарда, өндірістерде, цехтарде жұмыс істей алады. Тіпті қатардағы қызметкердің  жұмыс ақысының деңгейі жоғары және беделді болады. Бұл кәсіпті таңдағандар болашақта өз ісін ашып, өзі үшін қаражат тауып алға қарай ілгерлеуіне мүмкіндік алады.

Білімі мен дағдысы

Автомобиль жөндеуші автомобильді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету жұмыстарын, арнайы және әмбебап техникалық қызмет көрсету орталықтарында диагностиканы ұйымдастыру формаларын, автомобильдің узелдері мен агрегаттарын қайта қалпына келтіру амалдарын, автомобильді диагностикадан өткізу нәтижелерін тіркеу әдістері мен тәсілдерін, жұмысқа жарамсыздық белгілерін, техникалық қызмет көрсету әдістері мен амалдарын, жөндеу және диагностиканы анықтау жұмыстарын білуі қажет.