Директордың блогы

Құрметті блог қолданушылары!

"Қарақия кәсіптік колледжі" МКҚК директоры
Бекмағамбетов Далабай Орынбасарұлы

Біздің колледждің ұжымы жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер туралы ақпараттардан хабардар болумен қатар, оқытудың алдыңғы қатарлы технологиялары мен әдістерін үнемі сабақ барысында қолданып, қарқынды дамып келе жатқан өңірімізде тек қана білікті маман иелерін дайындауды мақсат етеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының І облыстық «Жас мамандар слетінде» колледждің «Қарақия шаңырағы» тобы қатысып «ХХІ ғасыр ең үздік жас маманы» номенациясын,  ІІ облыстық «Жас мамандар слетінде»  Қарақия  кәсіптік колледжінің   «Шаңырақ» тобы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Колледж намысын қорғап, мәртебесін көтерген «Шаңырак» тобының барлық құрамы марапатталды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілген ІІ облыстық «Жас мамандар слетінде» колледждің «Болашақ» командасы «Ынтымақты топ»  номинациясын иеленді.

Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласы колледждерінің басшылары мен оқытушылары үшін «Инновациялық технологиялар  арқылы  білім  алушылардың  кәсіби  мүмкіншіліктерін  арттыру»  тақырыбында облыстық әдістемелік семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум аясында жалпы білім беру және арнайы пән оқытушыларының тәжірибелік  сабақтары мен әдістемелік баяндамалары  таратылды.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасында 1201000-Автокөлікті жөндеу, пайдалану және тахникалық қызмет көрсету  мамандығы бойынша облыстық олипиада  өтті. Колледжден 1201000-Автокөлікті жөндеу, пайдалану және тахникалық қызмет көрсету  мамандығы бойынша 1 студент  қатысып, ІІІ  орын  иеленді.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасында 1304000 – Электронды есептеу  техникасы және бағдарламалық  қамтамасыздандыру мамандығы бойынша облыстық олимпиада өтті.  Біздің колледжден 1304000 – Электронды есептеу  техникасы және бағдарламалық  қамтамасыздандыру мамандығы бойынша 2 студент қатысты.

Біздің сайттың беттерін парақтай отырып, біздің колледж туралы өзіңізге қажетті барлық ақпаратты аласыз деп үміттенеміз!

Құрметпен,

Қарақия  кәсіптік колледжінің директоры

Бекмағамбетов  Далабай  Орынбасарұлы.

Сіздерді өзімнің блогымда жүздесуге өте қуаныштымын! Бұл интерактивті ресурс колледждің қызметі жайлы мәселелерді қарастыруға мүмкіндік беретін жақсы алаң болады деп үміттенемін. Мен ашық, конструктивті диалог құруға дайынмын. Және біздің колледждің құзіретіне жататын сұрақтардың біреуінде, мүмкіндігімше, жауапсыз қалдырмауға тырысамын. Колледж қызметінің мәселелеріне көңіл бөліп, оқу процессінің сапасы мен студенттердің әлеуметтік жағдайларын жоғарылатуға ұсыныстарыңыз болса, сіздерге қолдауға күш саламын. Сіздермен бірге қоғам үшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан және еңбек нарығында қажет ететін жоғары құзіретті азаматтарды тәрбиелей аламыз деген ойдамын.
Бекмағамбетов Далабай Орынбасарұлы
Директор

2 Replies to “Директордың блогы”

    1. Саламатсызба! Ия барлығы қарастырылған, жатақхана тегін
      Республикалық бюджеттен Жеміс- көкөніс шаруашылығы,
      Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету,
      Жол – құрылыс машиналарын техникалық пайдалану,
      Аспазшы мамандықтары бар.

Пікір үстеу