World Skills kz

"WorldSkills Kazakhstan -2016" өңірлік чемпионаты

2016 жылдың 24-26 ақпан күндері жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңіне Қарақия кәсіптік колледжінен 3 құзіреттілік бойынша қатысты.

1. «Аспаздық ісі»  құзіреттілігі бойынша Елубаева Айгерім, Досанова Ағила  Жетекшісі: Бекенова Гүлжанат

2. «Веб үлгілеу»: Мухамбетова Айткүл. Жетекшісі: Акимиязова Ажаркан 

3. «Киім үлгілеу»: Джиенбаева Гулнара облыстық чемпионатқа барады.  Жетекшісі: Ерданова Гүлзира

"WorldSkills Kazakhstan -2017" өңірлік чемпионаты

2017 жылдың 22-24 ақпан күндері облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері мен 18-22 жастағы жастар арасында 24 құзіреттілік бойынша кәсіптік шеберліктің «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңі болып өтті. Қарақия кәсіптік колледжінің ст 10 құзіреттілік бойынша 17 студент қатысты. Алынған жүлделі орындар: 3 Алтын медаль, 2 күміс медаль, 1 қола медаль, 2 ынталандыру.

1.      1 ОРЫН (Алтын медаль) «Киім үлгілеу» құзіреттілігі  Кунаева Ақжарқын  Жетекшісі: Ерданова Гүлзира

2.      1-ОРЫН (Алтын медаль)  «Жеңіл автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу» құзіреттілігі  Оңдаган Мұрат  Жетекшісі: Кұлмұрзаев Ержан

3.      1-ОРЫН (Алтын медаль)  «Жүк машинасына қызмет көрсету»  құзіреттілігі  Абилов Талғат Жетекшісі: Кенкараев Ербол

4.      2-ОРЫН (Күміс медаль)  «Веб-дизайн»  құзіреттілігі Сатыбалды Рустембек Жетекшісі:Мырзалыұлы Ақтөре

5.      2-ОРЫН (Күміс медаль)  «Графикалық дизайн»  құзіреттілігі Мәмет Нұрбақыт Жетекшісі: Жанадилова Айымгүл

6.      3-ОРЫН (Қола медаль)  «Жеңіл автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу» құзіреттілігі  Абила Нұрбол  Жетекшісі: Кұлмұрзаев Ержан

7.      4-ОРЫН (ынталандыру) «Жүк машинасына қызмет көрсету» құзіреттілігі  Қайратов Аязби Жетекшісі:Кенкараев Е

8.      «Үздік шебер номинациясы» «Киім үлгілеу» құзіреттілігі  Келдібекова Жетекшісі: Ерданова Гүлзира

"WorldSkills Kazakhstan -2017" Ұлттық чемпионаты

2017 жылдың 2-5 мамыр аралығында Астана және Қостанай қаласында өткен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына колледж студенттеріміз қатысып келді.

«Жеңіл автокөліктеріне қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары» құзіреттілігі бойынша сертификат және «Өз ісінің шебері» номинациясы – Қайратов Аязби;

«Ауыр автокөліктеріне қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары» құзіреттілігі бойынша сертификат – Абилов Талғат;

«Киім дизайны» құзіреттілігі бойынша сертификат – Кунаева Ақжарқын;

"BatysSkills-2017" аймақаралық чемпионаты

2017 жылдың 27-29 қараша аралығында өткен жұмысшы мамандығының «Batysskills» аймақаралық чемпионатында «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету және жөндеу» құзіреттілігі бойынша Қарақия кәсіптік колледжінің АВТО-3 курс студенті Оңдаған Мұрат ІІ ОРЫН «Күміс медаль алса, «Киім үлгілеу» құзыреттілігі бойынша І ОРЫН «Алтын медальды» Кунаева Ақжарқын иеленді.

"WorldSkills-2018" өңірлік чемпионаты

26, 27, 28 ақпан күндері Ақтау қаласында жұмысшы мамандығының WorldSkills өңірлік чемпионаты өтті. Қарақия кəсіптік колледжінің студенттері 11 құзіреттілік бойынша қатысқан болатын. 6 жеңімпазымыз бар. 4 студент 2-орын, Күміс медаль, 2 студент 1-орын, Алтын медаль.

1-ОРЫН Оңдаған Мұрат «Жеңіл
автокөлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу»

1-ОРЫН Кунаева Ақжарқын
«Киім үлгілеу»

2-ОРЫН Абила Нұрбол «Жүк
автокөлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу»

2-ОРЫН Кунаева Халыда «Графикалық дизайн»

2-ОРЫН Төре Əсем «Web үлгілеу» 

2-ОРЫН Достанов Бекжан «Наубайшы ісі»

"WorldSkills Kazakhstan-2018" Ұлттық чемпионаты

Астана қаласында 2018 жылдың 3-7 желтоқсан аралығында өткен WorldSkills Kazakhstan-2018 Ұлттық чемпионатына Қарақия кәсіптік колледжінің студенттері Кунаева Ақжарқын «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша және Оңдаған Мұрат «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша сертификатқа ие болды. Және де колледж оқытушыларымыз Құлмұрзаев Ержан «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша және Ерданова Гүлзира «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша сарапшы ретінде қатысып, сертификат алды.

 

"WorldSkills Aktau -2019" өңірлік чемпионаты

1-5 сәуір күндері аралығында Ақтау қаласында Жұмысшы мамандықтарының «Worldskills Aktau – 2019» өңірлік чемпионаты өтті. Қарақия кәсіптік колледжінен 11 құзіреттіліктер бойынша 17 студент қатысты. Чемпионат нәтижесінде 1 студент 4-ОРЫН, 1 студент 3-ОРЫН, 4 студент 2-ОРЫН, 1 студент 1-ОРЫН жеңіп алды.

1-орын (алтын медаль)  «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету, жөндеу» құзіреттілігі  Қомаев Нұрсұлтан.

2-орын, күміс медаль «Аспаз ісі» құзіреттілігі  Өмірбаева Көзкүй

2-орын (күміс медаль)  «Наубашы ісі» құзіреттілігі Тұранова Ақмаржан

2-орын  (күміс медаль)  «Слесарлық жұмыс» құзіреттілігі Байғабылов Қайыржан

2-орын (күміс медаль) «Ақпараттық кабельдер» құзіреттілігі Бердіғалиев Саламат

3-орын (қола медаль)  «Киім үлгілеу» құзіреттілігі Жаумытбайқызы Бибісара 

4-орын  (ынталандыру медальон)  «Кондитерлік ісі» құзіреттілігі  Достанов Бекжан 

"WorldSkills Kazakhstan -2019" Ұлттық чемпионаты

2019 жылдың 11-15 қараша күндері Нұрсұлтан қаласы. 5-ші #WorldskillsKazakhstan чемпионатына 14 аймақтан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 38 құзыреттілік бойынша 400 – дей жастар кәсіби шеберлік сынына түссе, оның ішінде Маңғыстау облысынан 29 құзыреттілік бойынша 30 студент қатысып бақтарын сынады.  

«Жеңіл автомобильге қызмет көрсету, жөндеу»  құзіреттілігі бойынша Қомаев Нұрсұлтан, жетекшісі Смагулов Сырым

 

«Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану(дрон)» құзіреттілігі бойынша Оңғар Алтынбай, жетекшісі Қыдырқанов Асхат