Колледж тарихы

Қарақия  кәсіптік колледжі – бұл аспаз,   тігін өндірісі, компьютер және автомобильдерге қызмет көрсету  салалары  бойынша  білікті  мамандар дайындайтын  мамандандырылған  колледж.

Колледждің  тарихы  2005 жылдың  29 – қарашасында   Маңғыстау  облысының  әкімдігінің  №343  қаулысымен «Қарақия  кәсіптік мектебі» құрылғаннан  басталды.  2009 жылдың 16 – маусымында №0032366 лицензиясы  бойынша «Қарақия  кәсіптік лицейі», 2012 жылдың 3-тамызында облыс  әкімдігінің №191 қаулысымен «Жетібай  кәсіптік  колледжі» болып қайта  құрылымдаудан өтті.

Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасының  Білім  және ғылым  министрлігі  және Қазақстан  Республикасының  үкіметінің  арнайы  қаулылары  және  өкімдерімен  кәсіптік білім беру  жаңа  қарқынмен  дамуда.  Бұл  мәселе  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  аппаратында  өзекті  мәселе  ретінде  қарастырылуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке  қолдауымен  елімізде  кәсіптік  білім  беруде дуальды  оқу  жүйесі  енгізілуде. Соңғы  өзгерістер  нәтижесінде кәсіптік  білім беру зор қарқынмен  өріс  алуда оның дәлелі, 2013 жылдың қыркүйек айында біздің колледж заманауи типтік үлгіде  салынған жаңа ғимаратқа  көшірілді.

Колледждің проблемасы: «Оқу-тәрбие үрдісінде кәсіптік білім беруді нығайтуға ұмтылу» .

Қарақия  кәсіптік колледжі төмендегі  мамандықтар  бойынша мамандар даярлайды:

  • 1304000 – «ЭЕТ және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
  • 1304012 – «Электронды есептеу машиналарының  операторы» 2ж 10ай
  • 1304043 – «Техник-бағдарламашы»  3 ж 10ай
  • 0508000 – «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
  • 0508012 -«Повар» 2ж 10ай
  • 0508063 – Қызмет көрсету менеджері  2ж 6ай
  • 1201000 – «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету»
  • 1201072 – «Автокөлікті жөндеу слесарі» 2ж 10ай
  • 1201123 – «Техник-механик» 3ж 10ай
  • 1211000 – «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу»
  • 1211032 – «Швея»

Колледждің материалдық -техникалық базасы:

Колледж 2 жалғанған ғимараттардан тұрады. А блогы 3 қабатты, онда асхана, спорт залы, акт залы, кітапхана, оқу залы, медпункт орналасқан оқу бөлімі, Б блогы шеберханалармен бөлінген.  Оқу үрдісіне арналған пәндік 20 кабинет бар, ал өндірістік оқу үрдісіне арналған 10 шеберхана жұмыс жасайды.

  1. 1304000 «ЭЕТ және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша 2 компьютерлік сыныпта 12+1 және 12+1 компьютерлер қолданыста және интернет жүйесіне кабинет жалғанған. Кабинет интерактивті тақта, ноутбук, баспа құралдары, типографиялық құралдармен толықтай жұмыс жасауға жабдықталған.
  2. 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» мамандығы бойынша қолданыста тігін машиналарымен соңғы үлгідегі компьютерлік тігін машиналарымен жабдықталған. Соңғы үлгідегі компьютерлік тігін машиналары  практикалық  және  басқа да өндірістік  жұмыстарда  кеңінен  пайдалануда.
  3. 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша асхана қажетті құрал-жабдықтармен, яғни,  аспаздық  пештермен, арнайы қондырғылармен жарақтандырылған. Болашақ аспаздардың қолынан шыққан тәттітағамдар мен сусындар мерекелік шараларда пайдаланылады.
  4. 1201000 «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығының шеберханаларында білім алушылардың тәжірибелік сабақтарында автомобильдің әр түрлі бөлшектерінің дидактикалық түрлері  ұсынылып, теориялық үлестірме материалдарымен білімдері бекітіледі.  Арнайы  стендтермен тренажерлар тәжірибелік сабақтарда қолданылуда.

Қарақия кәсіптік колледжінде оқу семестірінің қортындысы бойынша сабақ үлгерімі жақсы  студенттерге мемлекет есебінен шәкіртақы тағайындалады және аз қамтылған (мүжәлсіз)  отбасы балаларына  материалдық көмек көрсетіледі.

Өндірістік тәжірибе барысында «Қарақия кәсіптік колледжі» МҚК «Мұнайшы Сервис», ЖШС «ОТК» «Жетібай техникалық көлік басқармасы», Жетібай аумағындағы «№3,4,5,8 мектептер», «Балауса», «Табынай» тігін цехымен, «Жетібай аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемелеріменен  келісім – шарттар жасақтайды.Қазіргі таңда бітіруші курстар өндірістік практикадан өтуде, ал 1,2 курс  студенттерін  дуальдық  оқу жүйесіне  өткізуге дайындық жүргізілуде.