Ұстаздар мерекесі

Қарақия кәсіптік колледжі

Ұстаздар күніне орай, әріптестеріміз ҚР Білім және ғылым министрлігінен А.Атаниязова Құрмет грамотасымен, Е.Кенкараев Алғыс хатпен, Маңғстау облыстық білім басқармасынан Б.Дауырбаева және Ж.Чаматаев Құрмет грамотасымен, Б.Абилшеева, С.Измагамбетова, С.Балтабайұлы, Ө. Нургалыев Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, мерекеге орай мекеме басшысы Д.О.Бекмағамбетов, Г.Бекенова, Л.Мұратова ҚР Білім және ғылым министрлігінен құттықтау хатын алды.
Әріптестерімізді марапаттармен құттықтаймыз!

«Қарым-қатынас мәдениеті» атты тренинг өткізілді.

16.10.19ж. күні Қарақия кәсіптік колледжінде студенттерді өз бойындағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, қарым-қатынастағы өзара үйлесімділікке тәрбиелеу мақсатында педагог-психолог Г.Тасболатованың ұйымдастыруымен 1 курс студенттерінің арасында «Қарым-қатынас мәдениеті» атты тренинг өткізілді.
Тренингте педагог-психолог Г.Тасболатова студенттерге қарым-қатынас жасау арқылы адамдардың айналадағы дүниеден мәлімет алып, жан-дүниелері кеңейіп, білімдері тереңдетілетінін түсіндірді. Сондай-ақ тренингке қатысушылар бір-бірі туралы көптеген ақпараттар алып, қызықты ойындар ойнап және қарым-қатынастағы әртүрлі кикілжіңдерді шешуді сахналады.

Өндірістік оқуда

Қарақия кәсіптік колледжінің дәнекерлеуші 2-курс студенттері кезекті өндірістік оқуда колледж шарбағына жөндеу жұмыстарын жүргізді. Өндірістік оқу шебері Абдуллаев Р.

«Жан жылуы»

12.10.2019ж. Қарақия кәсіптік колледжінде адамзат бойындағы асыл қасиеттерді дарыту мақсатында әлеуметтік-педагог А.Аталикованың ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жан жылуы» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында колледж ұстаздары мен қызметкерлері жатақхана студенттерін тегін азық-түлікпен қамтамасыз етіп, мейірімділіктей ізгіліктің үлгісін көрсетті.

«АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

15.10.2019 күні Қарақия кәсіптік колледжінің студенттері «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы Қарақия аудандық филиалының мамандарымен басқосты. Аталған шараның мақсаты: жастарды цифрлық бағытта сауаттандыру. Осы тақырыпта жастарды ақпараттандырған кірістер басқармасының бас маманы Қонысбаева Гульнар және “Zhas Project” жобасы аясында ашылған IT-компьютерлік қызмет көрсету орталығының лидері Іңірбаева Айдана Асылбайқызы. «Atameken Services» өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жөнінде кәсіпкерлер палатасының мамандары мәлімдеді. Одан бөлек «Атамекен» ӨКП Қарақия аудандық филиалының директоры, әрі Қарақия аудандық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Аманат Махмутов жиын қатысушыларына «Атамекен» ҰКП болашақ кәсіпкерлерге берген мүмкіндіктері турасында айтып өтті. Отырыс барысында жастар үшін, олардың дамуы үшін өзекті мәселелер талқыға салынды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бұл кездесуден студенттер мамандармен пікір алысып, алға ұмтылуға мотивация алды.

С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл

15.10.2019ж. күні Қарақия кәсіптік колледжі кітапханасында кітапханашы Журумбаева Айнұрдың ұйымдастыруымен қазақтың тарланбоз ақыны С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл, әрі туған күніне орай «Телегей тұлға тағлымы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты Сәкен Сейфуллиннің қазақ халқы үшін сіңірген ерен еңбегі мен қайраткерлік келбетін жан-жақты таныстыру. Тәрбие сағатында С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы, өшпес мұралары туралы слайд, видеороликтер көрсетілді. Автокран 1-курс және Тігінші 2-курс студенттері белсене қатысып, қайталанбас ақынның өлеңдерін жырлап, өмір-шығармашылығын баяндады. Кітапханашы С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасы мен «Тар жол тайғақ кешу» романы туралы студенттерге қысқаша мағлұмат берді.
Ақын өз тұсының ұлы да, құлы да болған абзал азамат. Оның бар тілегі өз халқының жетілуі еді. Тек бұл жолда нелер тар жол, тайғақ кешуге, бұрыс қалтарыстарға ұшыраған, ақырында содан жазықсыз опат болған адамдардың бірі де біздің аялы Сәкен ағамыз. Сәкен ағаның қазақ халқының тарихындағы, әдебиеті мен мәдениетіндегі ерекше биік орнына дақ түсірмей, қараулық жасамай, адамгершілік, азаматтық өреден көрінуге тиіспіз. Мұны саналы да, салиқалы да, басшы да, қосшы да мықтап ұғып, асылдарымызды орны-жөнімен ардақтау жолында өткізілген тәрбие сағатынан студенттер ерекше әсер алды.

«Жигер» ұлдар ұйымының жетекшісі Балтабайұлы Серик студенттеріне ұлдар жиналысын өткізді.

10.10.2019ж. Қарақия кәсіптік колледжінде «Жигер» ұлдар ұйымының жетекшісі Балтабайұлы Серик студенттеріне ұлдар жиналысын өткізді. Жиналыстың мақсаты ішкі тәртіп ережесін сақтау, ұлтжандылыққа, рухты азамат болуга, үлкенді құрметтеуге, имандылыққа, қоғамдық ортада өзін ұстауға, ұлдардың бір-біріне бауырмалдыққа үйрету, діни көзқарасын ойларын білу.



Ұстаздар күні мерекесіне орай студенттер арасында волейбол жарысы өтті

7-8 қазан күндері Ұстаздар күні мерекесіне орай студенттер арасында волейбол жарысы өтті
Жарыс нәтижесінде:
1-орын «Монако» командасы, дәнекерлеуші 3-курс
2-орын Кеме құбыр июшісі 3-курс
3-орын Автоэлектрик 3-курс

Үздік шабуылшы -Тілеген Оразмұхаммед
Үздік қорғаушы – Балдыкбаев Нұрдаулет
Үздік ойыншы – Сагинбаев Әзіретәли
Үздік ойыншы – Жұмабаев Жарас
Үздік ойыншы – Кульбаева Айданай
Жарыста жақсы көрсеткішті көрсеткен студенттерге жүлделі дипломдар мен кубок марапатталды. Құттықтаймыз!

Қарақия кәсіптік колледжінде қыздар жиналысы өткізілді.

09.10.2019ж. күні Қарақия кәсіптік колледжінде қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысы, колледж ережесіне сай формасы, діни және экстремизм туралы, жасөспірімдер арасындағы сыйластық, сөйлеу мәнері, қыздардың жүріс-тұрысы, этика және эстетика туралы айтылды. Кездесуде педагог-психолог Тасболатова Г., «Инабат» ұйымының жетекшісі Мәметжан Н., оқу ісінің орынбасары Сабиева А. сөз сөйлеп, ойларымен бөлісіп, қыздармен сұхбат жүргізді.

 

ЖАТАҚХАНА ТЫНЫСЫ

25.09.2019ж. Студенттерге жерлесіміз, Маңғыстаудың мақтанышы болған халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының өмірі, елге еткен қызметі туралы мәлімет алып және оны үлгі ету мақсатында Қарақия кәсіптік колледжінің №2, №1 жатақхана тәрбиешілері Қарамысова Гүлсара Ахметқызы мен Ақмолдаева Зәмзегүл Жиенбайқызының «Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл!» тақырыбында тәрбие сабағы өтілді. Сабақта студенттер «Болашақ» және «Дарын» деген екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. Сайыста берілген тапсырмада жазушының өмірі, отбасы, қызметі, шығармалары қамтылды.