Жатақхана тынысы

 Қарақия кәсіптік колледжінің №2 жатақхана тәрбиешісі Г.Қарамысова жоспар бойынша «Баланың ата-ана алдындағы парызы» тақырыбында 3-курс студенттер арасында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Халқымыздың тәлім-тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына дарыту. Сағаттан туындаған негізгі идеялар: Ата-ана алдында қандай парызы болады?-деген сұраққа жауап ізделді. Ата-анаға бой ұсыну, ата-ананы тыңдау мұсылманға міндет. Олардың алдында дөрекілік көрсетпеу. Ата-ананың туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу. Жоқ болса, ол кісілерге арнап дұға жасап тұру, өсиетін орындау. Көзін көрген достарын құрметтеу.

Қарақия кәсіптік колледжінің №2 жатақхана тәрбиешісі Г.Қарамысованың жылдық жоспарына сай «Өз тағдырыңа балта шаппа, жеткіншек!» тақырыбында құқық қорғаушылармен кездесу өтілді. Мақсаты: Студенттер арасында жаман әдетке үйір болмау, ішкі тәртіпке бой ұсыну, сабақтан кешікпеу, сабақтан қалмау, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу. ІІБ-нің жасөспірімдер бөлімінің аудандық инспектордың басшысы полиция майоры Дүйсенгалиев Асқат және ІІБ-нің полиция аға лейтанаты Байтүзелов Ербол өткен жылғы кейбір студенттердің дөрекі қылықтарын атап өтіп, тәртіп бұзған студенттерге тиісті шаралар қолданатыны туралы ескерту берілді.

05.09.2019ж. Студенттер арасында жаман әдетке үйір болмау, ішкі тәртіпке бой ұсыну, сабақтан кешікпеу, сабақтан қалмау, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты ережелермен таныстыру мақсатында Қарақия кәсіптік колледжінің №2 жатақхана тәрбиешісі Г.Қарамысованың жоспарға сай «Тәртіпке бас иген, құл болмас» тақырыбында студенттеріне құқық қорғаушылар Қарақия АПБ ЖПКб УПИк полиция лейтенанты А. Жарылғап және ЮПТ-ның аға инспекторы полиция аға лейтенанты Б.Демеуовпен кездесу өтілді.

16.09.2019ж. Жастар қай кезде де қоғамның негізгі қозғаушы күші. Егер жастар қайратты да қажырлы, дені сау, білімді болса, сол елдің болашағы да жарқын әрі кемел. Ал егер жастар әлсіз, дәрменсіз, білімсіз, денсаулығы төмен болса, ол елдің болашағы да бұлыңғыр. Тәуелсіз елдің болашағы-жастарға артылар жүк те, жауапкершілік те көп. Кейбір жастар жастық шақтың қадіріне жете алмағанына опық жейді. Жастар әртүрлі жаман әдетке де үйір болып кету де ықтимал. Келеңсіз әдеттерден тыятын ұстаздар мен тәрбиешінің тәрбиесі, жасы үлкен ағалардың сөзі. «Дені сау, жан-жақты жас болу үшін қалай жетуге болады?» деген сұрақтарды талқылау мақсатында студенттер арасында Қарақия кәсіптік колледжінің №2 жатақхана тәрбиешісі Г.Қарамысованың жоспарға сай «ХХІ ғасырдың салауатты азаматы» тақырыбында сайыс сабағы өтілді. Студенттер үш топқа бөлініп, топтар бір-біріне сұрақтар қойды. Сарапшы қай топтың сұрағы, жауабы терең, өзекті мәселе көтеруіне қарай бағалап орын берілді. ХХІ ғасырдың салауатты азаматы болуға қандай жолмен жетеді? Адамның денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар? Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау керек? Адамның денсаулығына қас нелер? Деген сияқты сұрақтар төңірегінде талқылау болды. «Кім көп біледі?» денсаулық туралы мақал-мәтелдің жалғасын табудан сайысқа түсті. Сайыста 3-топтың студенттері топ жарып бірінші орынды иеленді.

1.10.2019ж. 1 қазан- Қарттар күні мерекесіне орай ауданымыздағы ардагерлер үйіне Қарақия кәсіптік колледжінің №2, №1 жатақхана тәрбиешілері Қарамысова Г.А. мен Ақмолдаева З.Ж. студенттермен бірге ардагерлермен кездесті. Кездесу барысында ардагерлер жастартарға өздерінің өмір жолдарын, жетістікке жеткен жолдарын, өмірде көрген қиыншылықтары туралы әңгімеледі. Жастар қариялармен сөйлесіп, сырласып, көңілде жүрген айтар ойларын тыңдай отырып, қарттардың көңілдерін бір сәт болса да аулап, мерекелермен құттықтап қайтты.

03.10.2019ж. Ұстаздар мерекесіне орай Қарақия кәсіптік колледжінің №2, №1 жатақхана тәрбиешілері Қарамысова Г.А. мен Ақмолдаева З.Ж. студенттерге «Ұстаз-мектеп жүрегі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сағатқа колледжіміздің жоғары санатты ұлғатты ұстаздары Чаматаев Жалғас ағай мен Зейнепов Марат ағайлармен кездесу ұйымдастырылды. Жатақхана студенттері ұстаздарды мерекесімен құттықтай отырып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.Студенттер мамандық таңдаудың қыр- сырын және мамандықты жүрегімен сүйе білу, мақсатқа ерінбей ізденгенде ғана жетуге болатынын, кітап оқуда сауатты болуға, еңбекті сүюге жеткізетіні туралы сыр шертті. Жалғас ағай Ұлы Абайдың жастар туралы жазылған өлеңдерін жатқа оқып, ақындардың өлеңдерін көп оқуға кеңес берді. Сабақ соңында студенттер «Ұстазым» әнін орындап, алғыстарын білдірді.

25.09.2019ж. Студенттерге жерлесіміз, Маңғыстаудың мақтанышы болған халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының өмірі, елге еткен қызметі туралы мәлімет алып және оны үлгі ету мақсатында Қарақия кәсіптік колледжінің №2, №1 жатақхана тәрбиешілері Қарамысова Гүлсара Ахметқызы мен Ақмолдаева Зәмзегүл Жиенбайқызының «Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл!» тақырыбында тәрбие сабағы өтілді. Сабақта студенттер «Болашақ» және «Дарын» деген екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. Сайыста берілген тапсырмада жазушының өмірі, отбасы, қызметі, шығармалары қамтылды.